ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 қыркүйек 2022 09:20
Оралда дене шынықтыру сабағында 3-курс студенті қаза тапты
Оралда дене шынықтыру сабағында Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлы қаза тапты. Жігіттің өлімі туралы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Mой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте болған. Дене шынықтыру сабағында студент кенет есінен танып құлаған.
"Мұғалім мен медбике алғашқы көмек көрсетті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы да студентті реанимациялауға тырысты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қанша тырысқанымен жігіт қайтыс болды. Басқарма студенттің ешқандай соққы мен жарақат алмағанын, белгісіз себеппен құлағанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу