26 мамыр 2022 | 08:22

Оралда дүкен сөрелерінде қант жоқ. Келесі жеткізілім қымбаттауы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Оралда дүкен сөрелерінде қант жоқ. Бар жерлерде келісі 600 теңгеден. Сатушылар жеткізушілер қант әкелмей жатқанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда дүкен сөрелерінде қант жоқ. Бар жерлерде келісі 600 теңгеден. Сатушылар жеткізушілер қант әкелмей жатқанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Гүлайым Жақсыбекова орталық базарда күні бойы тұрса да сауда дұрыс болмайтынын, сатып алушылар тек қант сұрайтынын айтады.

"Келушілер қантты күн сайын сұрайды. Қанттың жоқ болғанына екінші күн. Соңғы рет қоймадан 520 теңгеден алып 560-қа саттық. Бүгін жеткізушілер Жамбылдың қантын әкелуге уәде берген. Күтеміз", - дейді сатушы Гүлайым Жақсыбекова.

Реклама
Реклама

Шенеуніктер тапшылықтың себебін Ресей мен Беларусьтен келетін жеткізілімдердің тоқтатылуы деп отыр. 

"Біздің облысқа, БҚО-ға аптасына 140 тонна қант келу керек деген келісім бар. Сол жерден біз 30 пайызды өндірушілерімізге өткіземіз", - деді БҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жұмакелді Батырниязов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная