12 қаңтар 2021 | 17:54

Оралда дүкендегі әйелдердің төбелесі видеоға түсіп қалды

Видео кадры

Оралда куәгерлер азық-түлік дүкенінде сатушы мен клиенттің төбелесіп қалған сәтін видеоға түсіріп алды. Ролик әлеуметтік желіде тарады. Полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда куәгерлер азық-түлік дүкенінде сатушы мен клиенттің төбелесіп қалған сәтін видеоға түсіріп алды. Ролик әлеуметтік желіде тарады. Полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі әйелдің төбелескен сәті пабликтердің бірінде пайда болды. Видео авторы оқиға қаладағы "Сказка" дүкенінде болғанын айтады. 

Реклама
Реклама

Полиция департаменті видеоны көргендерін және тексеріс жүріп жатқанын айтты. 

"12 қаңтарда сағат шамамен 12-де Гагарин көшесіндегі дүкендердің бірінде 50 жастағы сатып алушы мен сатушы арасында қызмет көрсетуге байланысты дау туған. Нәтижесінде сатып алушы бейәдеп сөздер айтып, сөрені сындырып жіберген. Оралдың Полиция басқармасына сатып алушы мен дүкен әкімшілігінен арыз түскен. Полицейлер жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Оқиғаға құқықтық баға кейінірек беріледі", - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная