25 мамыр 2020 | 14:46

Оралда емханалар карантинге жабылды

Фото: РИА Новости

Орал қаласында 4 емхана карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласында 4 емхана карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО бас дәрігерінің қаулысы бойынша, қалада 4 емхана карантинге жабылды. Қазіргі таңда мұнда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Реклама
Реклама

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілінің хабарына қарағанда, Оралда №2, 3, 4, 5 емхана жабылған.

"Медициналық мекемелердің қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың арасында тіркеу бөлімінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда олармен байланыста болғандардан COVID-19 вирусына талдау алынды. Олар жұмыс істеп жатыр", - дейді ведомство басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы қаладағы 6 емхананың екеуі қалыпты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Жабылған емханалар шұғыл түрде науқастарды қабылдайды, әрі қашықтан жұмыс істейді. Коронавирусқа сараптама нәтижелері шыққан соң оларды ашу бойынша тиісті шешім қабылданады, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ерлан Тоқсанов.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 28 дерегі тіркелді. Өңірде жалпы COVID-19 вирусын 414 адам жұқтырған, 226 науқас айықты.

БҚО-да карантин режимі 15 маусымға дейін ұзартылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная