Оралда жалғызбасты ана үш баласымен аялдамада түнеп жүр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Оралда жалғызбасты ана аялдамада түнеп шықты. Термометр бұл күндері аймақта минус градустан төмен көрсеткіш көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Оралда жалғызбасты ана аялдамада түнеп шықты. Термометр бұл күндері аймақта минус градустан төмен көрсеткіш көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, БҚО полиция департаментінің қызметкерлері тексеріс кезінде Ет комбинаты аумағындағы аялдамада жатқан балалы әйелді байқаған.

"Әйелдің барар жері болмағандықтан балалармен бірге аялдамада түнеген. Олар полиция бөліміне жеткізіліп жауап алынды. Кейін төрт жастағы екі егіз бала Қолдау орталығына, 11 айлық ұлы ауруханаға жатқызылып, әйелге жұмысқа тұруға көмек көрсетілді", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Полицейлер балалардың анасының ішімдік ішпейтінін айтты. БҚО денсаулық сақтау басқармасы сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деп хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама