Оралда жол талғамайтын көліктегі екі жүргізуші жанжал шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

Оралда көпқабатты үйдің ауласынан шығар жолда екі жол талғамайтын көлік жүргізушілері жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда көпқабатты үйдің ауласынан шығар жолда екі жол талғамайтын көлік жүргізушілері жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер оқиғаның тек соңғы сәтін түсіріп үлгерген. Видеожазбада алдыңғы әйнегі мен шамы сынған Toyota Hilux көлігі артқа шегініп, Toyota FJ көлігін соғып, оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, 8 қазанда тұрғын үйлердің бірінің ауласында екі жүргізуші арасында жолдағы жағдайға байланысты жанжал шыққан.

"Оқиғаға қатысқан барлық тарап жедел анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Жүргізушілер арасындағы жанжалдың себебі әзірге анықталған жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама