21 шілде 2020 | 12:33

Оралда карантин талабын бұзған кәсіпкерлер анықталды

Фото: Facebook/Жарқын Түсіпбекұлы

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков карантин талабын бұзған кәсіпкерлерге ескерту жасады, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков карантин талабын бұзған кәсіпкерлерге ескерту жасады, - деп хабарлайды "Мой город".

20 шілдеде сағат кешкі 22.00-де қала әкімі тұрғындар жиі жиналатын Тұңғыш Президенті алаңына барды. Осылайша, әкім шаһарда карантин талабы қалай сақталып жатқанын тексермек болған. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, рейдке санитар дәрігерлер, әкімдік, полиция қызметкерлері қатысты. Тексеріс барысында енгізілген шектеуге қарамастан Тұңғыш Президент алаңында сауда-саттық тоқтамай тұрғаны анықталған. Кәсіпкерлер кешкі сағат 22.00-ден кейін де жұмыс істеген. Олар ойыншық көлік, батут, понидің көмегімен бүлдіршіндердің көңілін көтерген, сусындар мен тәтті сатқан. 

Ал облыстық бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша кәсіпкерлер тек кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге құқы бар.

Заңды бұзғандарға ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі кәсіпкерлер карантин талабын тағы бұзға, оларға айыппұл салынатынын ескертті.

"Біз қалалық паркті жаптық. Сіздерге кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат бердік. Егер сіздер жұмыстарыңызды жалғастыра беретін болсаңыздар, мұнда халық азаймайды. Жанымда қаржы бөлімінің қызметкерлері бар. Сіздер олармен келісім шарт жасадыңыздар. Егер талапты сақтамасаңыздар, онда біз бүгін сіздермен келісімшартты біржақты бұзамыз және сіздер жұмыссыз қаласыздар", - деді Абат Шыныбеков.

Қала әкімінің айтуынша, дүкендер кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс істей алатынын атап өтті.

"Бүгін біз сіздерге тек ескертеміз. Бірақ ертең сіздер заңды бұзсаңыздар, сіздерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 424-бабы бойынша айыппұл салынады, көліктер мен батуттар тәркіленеді. Қазір сіздер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып жатырсыздар. Бүгін қала әкімі ретінде мен ескерту жасауға келдім. Сіздер мені дұрыс түсінсеңіздер, біз күн сайын науқастар статистикасын көріп жүрміз. Олардың саны көп. Ақша табамын деп адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге болмайды", - деді қала басшысы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная