18 маусым 2019 | 13:19

Оралда қоқыс жәшіктерін ұрлау жиілеген

© mgorod.kz

Орал қаласында осы күнге дейін 13 тұрмыстық қатты қалдықтар сақтайтын контейнерлер ұрланған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласында осы күнге дейін 13 тұрмыстық қатты қалдықтар сақтайтын контейнерлер ұрланған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Қаладағы Құрманғазы көшесінің бойындағы № 194 және № 196 үйлердің тұрғындары бірнеше апта бойы аулада қоқыс контейнерлері жоқ екенін айтады. 

Реклама
Реклама

"Бұрын бізде қоқыс жинайтын контейнерлер болды. Аулада төрт контейнер болатын, олар ескі, бірақ іске жарайтын. Бірнеше апта бұрын біреу оларды алып тастады. Қоқысты қайда шығарарымызды білмей бас қатырып жүрміз, тұрғындар қоқысты ауланың кез келген жерінде тастап кетіп жатыр. Бұл қоқысты ешкім алып кетпейді, есесіне олар көбейіп жатыр. Балшық, қоқыс, пакеттер ұшып жатыр, ал аулада балалар ойнайды", - деді қала тұрғыны Александр.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері осы ауладан ТҚҚ контейнерлері маусым айының басында ұрланғанын айтады.

"Осы күнге дейін 13 контейнер ұрланды. Оның төртеуі Құрманғазы көшесіндегі № 194 және № 196 үйлердің ауласынан ұрланған. Біз полицияға арыз бердік және қазіргі уақытта мамандар осы іспен айналысып жатыр. Бірақ қоқыс осы учаскеден дер уақытында шығарылады. Біз 450 жаңа контейнерге тапсырыс бердік, жақын арада олар орнатылады, - деді Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мержан Нұртазиев.

Еске салайық, Оралда қоқыс контейнерлерін ұрлау дерегі бірінші рет емес. Өткен жылдың қараша айының басында Чкалов, Семей және Деповская көшелерінің тұрғындары ТҚҚ жинайтын контейнерлердің жоқтығына шағымданды. Сол кезде 13 контейнерді ұрлады деген күдікпен екі аула сыпырушы кәсіпорынның қызметкерлері ұсталды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная