ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2019 | 09:09
Оралда облыстық аурухана сырқат жанды далаға шығарып тастаған
Оралда облыстық аурухана күзетшілері сырқат жанды аулаға шығарып тастаған. Жылжымалы зембілге жатқызылған ер адамға сол маңдағы жүргіншілер араша түсті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда облыстық аурухана күзетшілері сырқат жанды аулаға шығарып тастаған. Жылжымалы зембілге жатқызылған ер адамға сол маңдағы жүргіншілер араша түсті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Күздің қара суығында науқасты далаға шығарғандар дәрігердің пәрменін орындағанын айтады. Видеодағы ер адам ішімдік ішпеген, тек күтімсіз жүргені анық байқалады. Келеңсіз жайтты ұялы телефонға түсіре бастаған соң күзетшілер оны ішке қайта кіргізген.
Науқастың аты-жөні Арман Досжанов. 53 жастағы ер адам бас жарақатымен ауруханаға түскен. Дәрігерлер оны толықтай тексерістен өткізген. Қазір жағдайы бірқалыпты.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күні емдеу мекемесіне жүгінгендер саны көп болған. Сондықтан кезекші дәрігерлер тұрғылықты жері жоқ адамды қабылдау бөлімінен терапияға апаруды екі күзетшіге тапсырыпты.
Енді өз ісіне салғырт қарағандар жазадан құтылмайды деп сендірді. Дегенмен аурухана басшылығы науқастар көбейген сәтте оларды тасымалдау ісіне кейде күзетшілерді тартатынын жасырмады.
"Ол кісілер де қай жерге апаруды білмей қалды. Жаңа келген қызметкер болған соң, корпусты білмейді.«Қолымыз бос болмады» түсініктемесі бар. Қасымыздағы жүрген күзет агенттігіндегі кісілерге сөйтіп тапсырма берген. Олар да кейде бізге көмектеседі", - деді БҚО көпсалалы ауруханасының директоры Арман Байдеуов.
Показать комментарии
Читайте также