ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2018 | 11:43
Оралда оқушы қыз мектеп ішінде газ шашқан - полиция
Полицейлер Оралдағы №40 орта мектепте газ баллонын ашқан оқушының кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полицейлер Оралдағы №40 орта мектепте газ баллонын ашқан оқушының кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметінше, баллонды ашқан қыз осы мектептің оқушысы. Оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз.
"Оралда №40 орта мектепте белгісіз нәрседен уланған оқушыларға қатысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде осы мектептің оқушысы бұрышталған баллонды сепкені анықталды. Бұл іске қатысты ҚР ҚК 293-бабы 1 бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мұның алдында Оралда 300-ге жуық оқушы белгісіз газдан уланғаннан кейін эвакуацияланғаны хабарланған. Оқу орнынан бес оқушы мен бір мұғалім ауруханаға жеткізілді.
Показать комментарии
Читайте также