Оралда полиция қызметкері апатқа ұшырады

Видео кадры

Оралда полиция қызметкерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. "Нива" автокөлігін мінген полиция қызметкері бағанаға соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оралда полиция қызметкерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. "Нива" автокөлігін мінген полиция қызметкері бағанаға соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер оқиға орнынан видео түсіріп, желіге таратып жіберген. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасын растады.

Реклама
Реклама

"12 тамызда сағат 02:40-та Сырыма Датұлы көшесінің бойымен, "Мечта" сауда үйіне қарама-қарсы оңтүстік бағытта, қызметтік көлікті басқарып келе жатқан полиция қызметкері, рөлді басқара алмай жарық тірегіне соқтығысқан. Оқиға нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Болатбек Белгібеков. 

"ЖайықЖарығы" ЖШС жарық тірегі қатты зақымдалғанын және қайта жөндеуден өтетінін мәлімдеген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама