Оралда полицейлер түнде мейрамханада отырғандарды қуып шыға алмаған

Оралда полицейлер түнде мейрамханада отырғандарды қуып шыға алмаған Видеодан алынған кадр

Оралда полиция қызметкерлері қаладағы мейрамханалардың бірінде отырыс ұйымдастырғандардың әрекетін тоқтата алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда полиция қызметкерлері қаладағы мейрамханалардың бірінде отырыс ұйымдастырғандардың әрекетін тоқтата алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түнде полиция қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері Президенттің төтенше жағдай кезіне енгізген ережесі сақталу-сақталмауын тексеру мақсатында тексеріс жүргізді.

Осылайша тексерушілер түнгі уақытта мейрамханада отырған бір топ ер адамды байқаған. Президенттің түнгі сағат 22.00-ден кейін көңіл көтеретін жерлердің жабық болуы керегі жайлы ережесіне қарамастан, мұнда клиенттер отырған.

Реклама
Реклама

Бірақ полицейлер оларды бірден қуып шыға алмаған. Мейрамхана әкімшісімен сыртқа шығып сөйлесіп, кейін ол жақтан кетіп қалған.

Орал қалалық полиция басқармасының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиевтің айтуынша, мейрамхана иесіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе ескерту, не болмаса әкімшілік қамауға алу жазасы берілуі мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама