Оралда полиция қызметкері жол қозғалысын газетпен реттеді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Желіде қолына газет алып, жол қиылысында тұрып қалған көліктерге бағыт-бағдар көрсеткен ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Желіде қолына газет алып, жол қиылысында тұрып қалған көліктерге бағыт-бағдар көрсеткен ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мәліметінше, Оралда жарық сөніп, қаланың кей бөлігінде бағдаршам істен шыққан. Сағат 16:15 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі болып, автокөліктердің қозғалысы қиындаған.

Реклама
Реклама

Осы уақытта кептеліске тап болған полиция қызметкері Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына іліккен газетті арнайы таяқша орнына қолданып, бағыт-бағдар жасаған. Ол еңбек демалысында болған.

Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама