13 тамыз 2019 15:18

Оралда Porsche мінген театр директоры жол-көлік оқиғасына себепші болды

Фото: mgorod.kz

Орал соты Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықовқа қатысты істі қарастырды. Ол Porsche Cayenne көлігін мас күйде айдап келе жатып бағдаршамның алдында тұрған екі көлікті қағып кетті, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал соты Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықовқа қатысты істі қарастырды. Ол Porsche Cayenne көлігін мас күйде айдап келе жатып бағдаршамның алдында тұрған екі көлікті қағып кетті, - деп хабарлайды "Мой город".

Сот Амандықовты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 6-бөлімі бойынша кінәлі деп таныды. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады. Қуаныш Амандықов сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. 

Реклама
Реклама

Алайда сотта Амандықов шағымын кері қайтарып алған. Соған байланысты облыстық соттың судьясы Ләззат Ұстағалиева шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Жол-көлік оқиғасы 16 шілдеде Жәңгір хан көшесінде болған. Куәгерлердің сөзінше, Porchse Cayenne автокөлігі Renault және Toyota көліктеріне соқтығысқан. 


© mgorod.kz

Көлік иесі Букеев атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов екендігі анықталды. 

"Бұл жәй ғана сәйкестік. Сол күні қатты нөсер жауып, жол тайғақ болды. Тежегішті басып үлгермедім. Уайымдайтын ештеңе жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тек бір көлікті аздап қана соққанмын", - дейді Қуаныш Амандықов.

Кейінірек полиция қызметкерлері апат болған кезде Porsche жүргізушісі жеңіл мас күйде болғанын айтты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram