ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2021 | 13:45
Оралда Пушкиннен аумайтын "сыңары" қайтыс болды
Оралда Владислав Букреев 74 жасында өмірден өтті. Бұл туралы оның жары естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда Владислав Букреев 74 жасында өмірден өтті. Бұл туралы оның жары естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Владислав Букреев орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің әлемде ресми мойындалған жалғыз егізі. Ол бұл мәртебені 1980 жылы Ленинградта өткен халықаралық байқауда алған.
Жеңімпаз дипломында: "Бұл дипломның өкілі А. С. Пушкин деп аталуға құқылы" деп жазылған.
Содан бері Букреев Оралдың визит картасына айналды. Ол Пушкин рольдеріне Островский атындағы орыс драма театрына шақырылып тұрған.
"Өте жарқын адам еді. Біз омен керемет фотосессиялар жасадық. Ол мейірімді, жақсы адам болған. Оның жақындары мен туыстарыма көңіл айтамын", - деді фотограф әрі журналист Оксана Каткова.
Владислав Букреевпен қоштасу рәсімі 25 мамырда өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также