09 қараша 2021 | 16:13

Оралда ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушісі 84 рет жол ережесін бұзған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Оралда жаңа жылдамдық өлшегіштер жұмыс істеген екі апта ішінде 25 мыңнан астам жылдамдықты асыру дерегі анықталды. Ресейлік нөмірлі KIA Rio көлігінің жүргізушісі 84 рет жылдамдықты асырып 1,2 миллион теңгеден астам айыппұл алып антирекорд жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда жаңа жылдамдық өлшегіштер жұмыс істеген екі апта ішінде 25 мыңнан астам жылдамдықты асыру дерегі анықталды. Ресейлік нөмірлі KIA Rio көлігінің жүргізушісі 84 рет жылдамдықты асырып 1,2 миллион теңгеден астам айыппұл алып антирекорд жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО полиция департаменті Оралда 40 жылдамдықты реттейтін "Prism Stos" жүйесі орнатылғанын хабарлады. 23 қазанда олар әдеттегідей жұмысқа кірісті. Полиция жолдың кейбір учаскелерінде көліктер сағатына 100 шақырымнан астам жылдамдықпен қозғалғанын айтты.

"Осы уақыт ішінде жүйе 25 мыңнан астам жылдамдықты бұзу дерегін тіркеді. Көптеген тәртіп бұзушыларға бірнеше айыппұл салынды. Ресейде тіркелген Lexus көлігінің жүргізушісі жылдамдықты 52 рет бұзған. Ол қазірдің өзінде 700 мың теңгеден астам айыппұл төледі", - деді БҚО полиция департаментінің қызметі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазір Қазақстан полицейлері тіркеусіз көліктерді анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр. Тіркеусіз көліктер тұрақтарға қойылады.

"Ресейлік әріптестер облысқа Ресей Федерациясынан әкелінген 48 көліктің қылмыстық іздеуде екені туралы ақпарат берді. Бүгінгі таңда осындай 11 көлік табылып, тұраққа қойылды", деді БҚО полиция департаментінің бастығы Махсудхан Әбләзімов.

Еске салайық, Қазақстанда Ресейде тіркелген 200 мыңнан астам көлік бар. Олардың 80 мыңнан астамы қазірдің өзінде Ресей Федерациясының тізілімінен шығарылған, бірақ Қазақстанның құқық қорғау органдарында тіркелмеген. Бұл көліктер базада көрсетілмеген және жол қозғалысы ережелерін жиі бұзады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная