Оралда спорт мектебінің директоры қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация

Оралда мамандандырылған әкімшілік сот 42 жастағы Қанат Жанғалиевке қатысты үкім шығарды. Олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатының директоры көлікті мас күйде жүргізгені үшін ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, 17 наурызда таңғы 05.00-тер шамасында спорт мектебінің директоры қызметтік көлікті мас күйде жүргізген. Сот-медициналық сараптамасы интоксикацияның орташа дәрежесін анықтаған. Қанат Жанғалиев өз кінәсін мойындады.

"Сот Қанат Жанғалиевті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы" бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады", - деді сот өкілдері.

Реклама
Реклама

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы Жанғалиев қазір еңбек демалысында екенін атап өтті. Ол олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатының директоры болып бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама