ПОДЕЛИТЬСЯ
27 сәуір 2020 | 15:08
Оралда төрт медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Батыс Қазақстан облысында төрт медицина қызметкері әріптесінен коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысында төрт медицина қызметкері әріптесінен коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте санитар дәрігерлер хабарлады.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпараты бойынша, өңірде өткен тәулікте алты жаңа жағдай тіркелген.
"Бұған дейін өңірдің медицина қызметкерлерінің бірінде коронавирус анықталған болатын. Онымен байланыста болған адамдар карантиндік стационарға жатқызылды. 14 күн өткен соң оларды шығарар кезде талдау алынды. Төрт қызметкерден коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың қатарында екі санитар, дүкенші және дезинфектор бар. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына қайта жатқызылды", - деп хабарлады БҚО тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Қалған екі науқас Ресей Федерациясынан келген қазақстандықтар. Олардың бірі - Түркістан облысының тұрғыны, екіншісі - Шымкент қаласының тұрғыны. Екі науқас та Бәйтерек ауданындағы "Сырым" шекара бекетінен жаяу өткен.
Осылайша, БҚО-да COVID-19 жалпы 122 адамнан анықталды. Жеті науқас сауығып, үйдегі карантинге жіберілді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также