ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2020 | 07:51
Оралда түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі
Орал территориясында қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орал территориясында қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1-тармақ 1.4) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылған:
"Жедел жәрдем, авариялық қызметтер және басқа да арнайы органдардың автокөлігін; Орал қаласының тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың (коммуналдық қызмет) автокөлікпен, сондай-ақ кәсіпорындар/ұйымдардың түнгі ауысымдарында жұмыс жасайтын тұлғалардың автокөлікте жүруін және аса қажет болған жағдайларда (дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару) жеке автокөліктің жүріп-тұруын қоспағанда, сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөліктің жүруіне шектеу салынсын".
Жеке және заңды тұлғалар басқа да дәлелді себептер бойынша сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүру қажет болған жағдайда "https://www.STOPCOVID.KZ" сайтында тіркелуі қажет немесе "109" телефон нөміріне өтініш хабарлама қалдыруы керек.
Сондай-ақ, 1-тармақ 1.7) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылған: БҚО полиция департаменті енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда материалдарды тез арада Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілсін;
Өзгерістер 7 қарашадан бастап күшіне енеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также