Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газына тұншығып қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газынан уланып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газынан уланып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бүгін, 8 қаңтарда сағат 10:30 шамасында тіршілік белгілері жоқ адамдар отырған көліктің табылғанын мәлімдеді.

Көлік "Сарытау" шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.

Реклама
Реклама

"8 қаңтарда сағат 10.30-да гараждағы көліктен 18 жастағы қыз бен үш жігіттің мәйіті табылды, олардың бірі 18, екеуі 16 жаста.

Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама