ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2023 | 09:30
Оралдағы арнайы операция: полиция мән-жайды айтты
2 наурызда Оралда полиция мен басқа да төтенше қызметтердің қатысуымен арнайы операция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2 наурызда Оралда полиция мен басқа да төтенше қызметтердің қатысуымен арнайы операция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, полиция жолды жауып, "Айгүл" аялдамасы аумағын қоршауға алған. Алайда журналистер келген кезінде арнайы операция аяқталып, полицейлер ленталарды жинап алған. Ал жақын жерде бос қорап қана болған.
ЗҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны түсіндірді.
"Сағат 10:00-де, 102 пультіне С.Тюленин көшесіндегі "Айгүл" аялдамасында мөрленген қорап тұрғаны туралы ақпарат түсті. Адамдар ішінде жарылғыш заттар болуы мүмкін деп қорықты. Ақпарат алғаннан кейін, барлық қызмет дереу жіберілді, полиция аумақты қоршауға алды. Ведомство басшылығы оқиға орнына аттанды", - деді ПД өкілдері.
Саперлер қорапты ашқан, онда екі мысық болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также