24 желтоқсан 2021 | 09:28

Оралдағы құрылыс алаңында күйеуі қайтыс болған әйел үш жыл бойы өтемақы ала алмай жүр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
"Астана" телеарнасының кадры

Орал қаласының тұрғыны Динара Сахипова күйеуі қайтыс болғалы бері өтемақы ала алмай жүр. Жесір қалған әйел қайғылы жағдайға кінәлі жұмыс беруші алдағанын айтты. Ол пәтер алып беруге, көмек көрсетуге уәде берген. Кейін бар кінәні басқа біреуге жауып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласының тұрғыны Динара Сахипова күйеуі қайтыс болғалы бері өтемақы ала алмай жүр. Жесір қалған әйел қайғылы жағдайға кінәлі жұмыс беруші алдағанын айтты. Ол пәтер алып беруге, көмек көрсетуге уәде берген. Кейін бар кінәні басқа біреуге жауып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Динара Сахипованың күйеуі Дамир өзі жұмыс істеген құрылыста 9-қабаттан құлап, қайтыс болған. Жерлеу рәсімі өткеннен кейін үш баласымен Динара көшеде қалған. Олар уақытша үйде тұрып, жұмыс беруші уәде еткен тұрғын үйді күткен.

"Жерлеу рәсімінен кейін компания директоры адам жіберіп, бізді Монкеула көшесіне апарды. Ол аумақты, жоспарды және салынып жатқан үйді көрсетіп, 2020 жылға дейін пәтер беруге уәде берді. Медиативті келісім жасадық. Содан кейін ол адам жоғалып кетті. Білуімізше, бұл жаңа ғимарат енді оған тиесілі емес", - дейді Динара Сахипова.

Реклама
Реклама

Кейінірек сот Сахипованың пәтер беру туралы келісімін жарамсыз деп таныды, қайғылы жағдайға құрылыс компаниясының басшылығы емес, жалдамалы бригадир кінәлі деп санады. Ал ол еңбек инспекциясы шығарған актімен келіспейді.

"Облыстық сот бұл іспен айналысады деп үміттенеміз. Сахипова әлеуметтік жағынан осал адамдарға жатады. Оның түсіп тұрған ешқандай кірісі жоқ. Үш кәмелетке толмаған қызымен туыстарының пәтерінде тұрады. Оларды да жұмысқа орналастыру керек, қазір оқып жатыр. Бүкіл отбасы үшін бір телефон, түсінесіз бе? Динара Сахипова күйеуінің қайтыс болу дерегі бойынша прокуратураға жүгінді. Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдануға және медиативті келісімді заңды деп тану бойынша өтініш беруге де ниет білдіріп отыр. Құқық қорғаушылардың шағымы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға келіп түсті. Ведомство өкілдері оны қарап, жақын арада шешім қабылдауға уәде берді", - деді әйелдің адвокаты Хибат Темірғалиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная