ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қазан 2024 | 09:57
Оралдағы мектеп мұғалімдерді сотқа берді: сот не шешті?
Оралдағы мектеп әкімшілігі мұғалімдерден артық төленген жалақыны өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралдағы мектеп әкімшілігі мұғалімдерден артық төленген жалақыны өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талап қоюда мемлекеттік аудиттің қорытындысы негізге алынғаны айтылды.
"Батыс Қазақстан облысы, Оралдағы Серебряков орта мектебінің әкімшілігі мектептің 75 педагогынан бюджеттен артық төленген 42 миллион теңге көлеміндегі жалақыны өндіріп алу туралы сотқа талап қою жолдаған. Тергеу органымен мектептің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, Орал қалалық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, жаза тағайындалған", - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс аясында мектепке жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 2021-2022 жылдары 75 педагогқа жалақы бойынша 42 миллион теңге көлемінде артық төлемдер негізсіз аударылғаны, сөйтіп, қаржылық құқықбұзушылық анықталып, дебиторлық қарыз есептелген.
"Алайда, сотта мектеп әкімшілігінің өкілдері педагогтардың қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер жасағанын, соның салдарынан оларға артық қаражат аударылғанын дәлелдейтін дәлелдемелерді ұсына алмаған. Осыған байланысты №2 Орал қалалық соты мектептің талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырды. Сот жұмысқа немқұрайлы қарау немесе бухгалтерлік қателік болмаған жағдайда еңбек және азаматтық заңнамада көрсетілгендей, артық төленген соманы қайтаруға негіз жоқ екенін атап көрсетті".
Апелляция мектеп өкілінің шағымын қанағаттандырмай, сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также