15 қыркүйек 2023 | 12:19

Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар әйелдер камерасына өткел жасап алған: кінәлілер жазаланды

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оралдағы тергеу изоляторда қамаудағы ер адамдар әйелдер камерасына өткізетін өткел жасап алған. Оқиғадан кейін кінәлі шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралдағы тергеу изоляторда қамаудағы ер адамдар әйелдер камерасына өткізетін өткел жасап алған. Оқиғадан кейін кінәлі шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл деректі мекеме әкімшілігінің қызметкерлері биыл шілдеде анықтады. Қызметтік тергеу нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі камера араларындағы бүлінген қабырғаларды жөндеген.

Реклама
Реклама

"Осындай тәртіпбұзушылықты болдырмау мақсатында әйел адамдарды ұстауға арналған камералар жеке блокқа ауыстырылды", - деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, БАҚ-та Оралдағы тергеу изоляторында түсірілген видео пайда болған еді. Кадрда ер адам қабырғадағы тесік арқылы басқа бөлмеге өткені көрінеді. Ролик авторының айтуынша, тұтқындағылар ескі қабырғаны тесіп, әйелдер камерасына кіріп жүрген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная