Оралдық қызға құны бір миллиард теңге тұратын екпе салынды

© instagram/sma_fatima_uralsk

3 сәуірде оралдық Фатима Асқар есімді балаға құны миллиард теңгеге жуық тұратын "Золгенсма" препараты егілді. Қуанышты жаңалықты қыздың ата-анасы Instagram парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін - тарихта қалатын күн. Фатимамызға екпе салынды. Біз бақыттымыз. Қызымызды Қазақстан халқы аман алып қалды. Осы уақыт ішінде біз үшін алаңдап, қолдау көрсеткен баршаға шын жүректен алғыс айтамыз", - деді Фатиманың әкесі Қанат Құспанов.

Реклама
Реклама

Фатиманың ата-анасы қызының емделуіне алты ай ақша жинаған. Дәрігерлер балаға омыртқа бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойған.

Фатима - Батыс Қазақстан облысында әлемдегі ең қымбат екпені салдырған екінші бала. Біріншісі ақсайлық Эмир Шахмаров болған. Сонда бір миллиард теңгені қазақстандықтар жинап берген еді. Қазір баланың жағдайы жақсы, оңалту курсынан өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная