22 тамыз 2024 | 08:56

Оралдық мұғалімнің өлімі: сотта істің егжей-тегжейі айтылды

Фото: depositphotos.com

Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Айыпталушы - 41 жастағы Темір Сәрсенов. Ол қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша күдікке ілінген: адам өлтіру, ұрлық және заңсыз қару сақтау.

Сотта айыпталушы мен марқұм әйел 2020 жылдан бері таныс екені анықталды. Надежда Темірге техника жағынан көмектесуін сұрап, танысқан.

Реклама
Реклама

Сәрсенов марқұм әйелге компьютерге байланысты көмектесуге келген. Бір сәтте екеуі сөзге келіспей, ер адам мұғалімді қылғындырып, мойын тұсынан пышақтап тастаған.

Артынша айыпталушы қылмыс ізін жасыру үшін мұғалімнің алтын бұйымдарын, сөмкесі, телефоны мен банк карталарын ұрлап кеткен.

Сонымен қатар, Сәрсенов тұратын үйден қару-жарақ пен оқтар табылған.

Айта кетейік, оқиға биыл 25 сәуірде болған.

Оралда мұғалім пәтерінен өлі табылған болатын. Әйел адам бастауыш сынып мұғалімі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная