25 қаңтар 2021 | 09:11

Оралдық рестораторлар: "Біз жабылып, адамдарды жұмыстан шығаруға мәжбүрміз"

Көрнекі сурет: pexels.com

Орал кәсіпкерлері мен рестораторлары санитар дәрігерлердің жаңа қаулысына үйрене алмай жатқанын мәлімдеді. Жұмыс істеу тиімсіз болып кеткен, сондықтан олар жабылып, ондаған адамды жұмыссыз қалдыруға мәжбүр, - деп хабарлайды tdk42.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал кәсіпкерлері мен рестораторлары санитар дәрігерлердің жаңа қаулысына үйрене алмай жатқанын мәлімдеді. Жұмыс істеу тиімсіз болып кеткен, сондықтан олар жабылып, ондаған адамды жұмыссыз қалдыруға мәжбүр, - деп хабарлайды tdk42.kz.

Кәсіпкерлер санитар дәрігердің жаңа қаулысы бойынша қоғамдық орындардың сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеудің мәні жоғын айтады. Рестораторлардың сөзінше, мұндай шешімде ешқандай логика жоқ: ұшақта ондаған жолаушы бар, автобуста да адам көп отырады, ал санитарлық талапты сақтауға болатын мейрамханаларға 30 адамнан көп отыруға болмайды. 

Реклама
Реклама

"Бізге тиімсіз. Адамдар сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді, мейрамханаға жеткенше 30-40 минут өтеді. Сағат 18.40 болады, ал 19.30-да біз мейрамхананы жаба бастауымыз керек. Қандай кешкі ас? Пайда қайдан түседі?", - дейді мейрамхана директоры Азамат Баймурзин. 

"Қаулыдан қаулы, келесі күнімізді жоспарлап үлгермейміз. Біресе 8-ге дейін, біресе 11-ге дейін, сосын қайтадан 8-ге дейін. Олай жұмыс істеу мүмкін емес. Мейрамханаға келушілер саны 30-дан аспауы керек, бұл - тиімсіз. Қызметкерлерге ақшасын төлей алмаймыз. Сондықтан жабылуға мәжбүрміз", - дейді Weekend мейрамханасының әкімшісі Наталья Савичева. 

Кинотеатрлар да санитар дәрігердің қаулысы бойынша жабылады. Көптеген кәсіпкер қызметкерін жұмыстан шығарған. 

Кәсіпкерлердің шағымына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері жауап берді. Олардың сөзінше, ереже облыстағы эпиджағдайға байланысты бекітіледі. Ал батыстағы жағдай мәз емес екен. 

"Бұл уақытша шектеулер, әрине, эпиджағдайды күн сайын бақылауға аламыз. Жағдай жақсарған жағдайда, әрине, карантин шарасын жеңілдету мәселесі қарастырылады", - дейді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлыбек Мұстаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная