23 желтоқсан 2019 | 18:04

Оралдық студенттер емтиханды сығылысып тапсыруға мәжбүр болған

Видео кадры

Оралдағы жоғары оқу орнының студенттері емтихан кезінде сығылысып қалғандарын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралдағы жоғары оқу орнының студенттері емтихан кезінде сығылысып қалғандарын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде студенттер бір бөлмеде сығылысып отырған видео тарап кеткен. 

Реклама
Реклама

"Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде мынадай ессіз дүниелер болып жатыр. Студенттер емтиханды жертөледе тапсырып жатыр. Ол жерде желдету құралдары да жоқ. Тымырсықтан студенттер естерінен танып жатыр. Жедел-жәрдем қызметкерлері келді", - делінген хабарламада. 

Университет өкілдері бұл оқиға оқу орнында 20 желтоқсанда болғанын растады. 

"Жасырмаймыз. Расымен техникалық ақау болды. Бірақ видео бірінші қабатта түсірілген. Терезелер көрінбейтін ракурстан түсірілген. Ақауды реттемек болдық, бірақ қолымыздан келмеді. Сол кезде емтиханды күндізгі сағат 15:00-ге ауыстырған. Студенттер дәлізден шығып, 10 минуттай болды", - дейді оқу орнының проректоры Нүркен Губашев.  

Оқу орнының мәліметінше, емтихан кезінде медицина қызметкерлері мен мұғалімдер кезекшілікте тұрған. 

"Бір студенттің жағдайы нашарлап кетті. Оқиға түстен кейін болды. Жедел-жәрдем шақыртылды. Ол қызда бұрындары да талмасы болған. Ол қазір есепке алынды", - дейді мекеме қызметкерлері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная