Ордабасы ауданында 130 мүгедекке қоларба берілді

Ордабасы ауданында 130 мүгедекке қоларба берілді © ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ордабасы ауданында 130 м?гедекке ?оларба табыс етілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі О?О ?кімдігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Ауданды? ?леуметтік ба?дарламалар ж?не ж?мыспен ?амту б?ліміні? басшысы Г?лжан Досованы? м?ліметінше, 130 азаматты? 56-сына облысты? бюджет есебінен берілсе, 74-іне ауданды? ?азынадан ?аржы ?арал?ан.

Ордабасы ауданында 130 мүгедекке қоларба табыс етілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлжан Досованың мәліметінше, 130 азаматтың 56-сына облыстық бюджет есебінен берілсе, 74-іне аудандық қазынадан қаржы қаралған.

Бөлім басшысы аталған азаматтардың бірі, І топ мүгедегі - Темірлан ауылының тұрғыны Анар Иманқұлованың үйіне барып, оған серуендеуге арналған мүгедектер арбасын сыйлады.

"Аудан орталығында ашылған жалғызілікті қарттарға әлеуметтік үйде көмек көрсету бөлімшесінде тіркелген 97 қарияға 23 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ал мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 95 бала және 18 жастан асқан, жүйке ауруымен ауыратын 12 адамды есепке алынған. Бұл азаматтарға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік қызметкерлер олардың үйлеріне барып, көмектесіп тұрады", - делінген баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Реклама
Реклама

Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 24 балаға жолдама берілді. Үйлерінде сабақ алатын 131 мүмкіншілігі шектеулі оқушыға 2016-2017 оқу жылында 2 миллион 80 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, толығымен төленді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама