Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қыз алып қашу жағдайлары туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Президент заңнамалық өзгерістер де осыған сай болуы тиіс екенін атап өтті.
"Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс", - деді Президент.
Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!