16 желтоқсан 2021 09:37

Орман шаруашылығы инспекторы заңсыз аң аулау кезінде қайтыс болған - БҚО полициясы

Инспектор Серік Маженов

Полицейлер куәгер, күдікті және марқұм Серік Маженов қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Мой Город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер куәгер, күдікті және марқұм Серік Маженов қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Мой Город".

БАҚ-та 14 желтоқсанда сағат 09.30 шамасында БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы, 1977 жылы туған Серік Сағындықұлы Мәженов қаруды абайсыз қолдану салдарынан қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Алайда полицейлердің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Реклама
Реклама

"Тергеу кезінде куәгерлер, күдікті мен жәбірленуші қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқаны анықталды. Тергеу әлі жүріп жатыр. БҚО Полиция департаменті өкілдері ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпараттан аулақ болуды сұрайды. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқан жағдайда Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жаза қарастырылғанын ескертеді", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram