04 мамыр 2023 | 14:58

Орта Азиядағы жалғыз зауыт Алматы облысында орналасқан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Орта Азиядағы жалғыз бетон діңгек шығаратын зауыт Алматы облысында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта Азиядағы жалғыз бетон діңгек шығаратын зауыт Алматы облысында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталған кәсіп түрімен Еңбекшіқазақ ауданындағы "Unifruit" ЖШС 2016 жылдан бастап айналысады.

Реклама
Реклама

Бетон діңгектер шығарудағы басты мақсат - алма мен жүзімнің өнім көлемін арттыру. Бұл діңгектер тірек қызметін атқарып, жас көшеттердің жерсінуіне ықпал етеді. Өнім Қазақстандағы басқа зауыттарға тасымалданып, түрлі компаниялармен байланыс орнатылған. Өндіріс италиялық тәжірибеге сүйене отырып, қолға алынған.

"Біздің серіктестік бірнеше сұрыпты алма өндірумен де айналысатынын айта кеткен жөн. Жылдан-жылға тұтынушылар тарапынан сұраныс артып келеді", - деді компания басшысының орынбасары Бекжан Маратов.

Зауытта 120-ға жуық маман қызмет етеді. Жылдық қаржы айналымы 3,3 миллион теңге. Қуаттылығы 30 мың дана діңгек шығаруға жеткілікті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная