ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2023 | 11:27
Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, шеткері аудандарға көңіл бөлмеу - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді көлік жүйесінің болуы аса маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді көлік жүйесінің болуы аса маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейді. Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды.
Технологияның, атап айтқанда жасанды интеллекттің қарыштап дамуы қалаларды барынша сапалы басқару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. "Ақылды қала" тұжырымдамасын жүзеге асыру азаматтарға жаңа цифрлық қызмет ұсынуға, ғимараттардың энергия тұтыну тиімділігін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – біз үшін өзекті міндет.
Сонымен қатар, адамдарға өзара тығыз байланыс орнатуға көмектесіп, азаматтар мен бизнестің қаладағы өзекті проблемаларды көтеріп, оларды шеше алатын белсенді қоғамдастық құру ісіне атсалысуына ықпал етеді. Астана бұл бағытта дамып келеді және бірқатар жетістікке жетті", - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также