ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мамыр 2020 | 10:49
Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты
Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"4 мамырда Орталық сайлау комиссиясы отырыс өтті, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды", - делінген комиссияның хабарламасында.
Еске салайық, 2 мамырда Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Тоқаев Назарбаеваға алғыс білдірді
Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып 2019 жылдың 20 наурызда сайланған еді.
Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды. 1983-1985 жылдары С.М.Кирова ҚазМУ тарих факультетінің студенті. 1985-1987 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағлымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспиранты болған.
2015 жылғы 11 қыркүйек - 2016 жылғы 13 қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы премьер - Министрінің орынбасары қызметінде болған. Ал 2016 жылғы 13 қыркүйек - 2019 жылғы 20 наурыз аралығында - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы болды.
2019 жылғы 20 наурыздан бастап-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. 2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып қайта сайланған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также