Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа директор келді

Артур Нығметов. © Facebook.com

Артур Ны?метов Орталы? коммуникациялар ?ызметіні? директоры болып та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Артур Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Артур Нығметов 2007 жылы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетін және 2008 жылы Мәскеудегі саяси зерттеулер мектебін аяқтаған. Швецияның мемлекеттік және муниципалдық басқару университетінде (SIPU International) тағылымдамадан өткен.

Жаңалықтар қызметінде редактор, автор және жекеменшік телеарналарда бағдарламалардың жүргізушісі болып жұмыс істеген. Сондай-ақ,  "Нұр Отан" саяси партиясының қолдауымен құрылған SarapTime сарапшылар клубының басшысы қызметін атқарған.

Реклама
Реклама

Ал 2015 жылы Алматы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Бірақ сол жылдың 21 қыркүйегінде ол қызметінен кеткен. Соңғы жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама