Орташа жылдамдыққа бақылау: қай тасжолдарда ережені жиі бұзады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізгеннен бастап 109 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

Республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізгеннен бастап 109 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі енгізілді. Бақылау камералары жолдардың түзу учаскелерінде орнатылған, онда орташа жылдамдық қашықтықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт бойынша есептеледі.

Биылғы наурыз-тамыздағы талдау деректері бойынша, орташа жылдамдықты арттырудың 109 мыңнан астам дерегі анықталған.

Реклама
Реклама

Ең көп заңбұзушылық тіркелген учаскелер:

  • Шымкент-Қызылорда – 54 863,
  • Астана-Щучинск – 29 330,
  • Астана-Павлодар – 18 188.

Ең аз заңбұзушылық келесі бағыттарда байқалды:

  • Павлодар-Семей-Қалбатау – 3 882,
  • Шымкент-Тараз – 1 980,
  • Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) – 526,
  • Орал-РФ шекарасы (Саратов) – 365,
  • Жібек Жолы-Теміртау – 164.

Келесі учаскелерде орташа жылдамдыққа бақылау жүргізілетіні ескертілді:

  • Астана-Щучинск (жылдамдық шектеуі 140 км / сағ),
  • Астана-Павлодар (140 км/сағ),
  • Шымкент-Қызылорда (110 км/сағ),
  • Шымкент-Тараз (110 км/сағ),
  • Павлодар-Семей-Қалбатау (100–110 км/сағ),
  • Орал-РФ шекарасы (Саратов) (100 км/сағ),
  • Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) (100 км/сағ),
  • Жібек Жолы-Теміртау (140 км/сағ).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама