Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қазақстанға әсер етті ме?

Дина Шарипханова Корреспондент

19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы салдарынан апат жағдайы туындады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл жағдай Қазақстандағы шикізат өндіру көлеміне әсер еткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір өндіруде уақытша шектеулер байқалады.

"Қазір шектеу көлемі 8,5-9 мың тонна көмірсутек шамасында. Үш күн ішінде бұл шектеулер жойылады деп үміттенеміз", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, шенеунік Энергетика министрлігінің міндетіне Украина тарапымен келіссөз жүргізу кірмейтінін айтты. Бірақ ол "сыртқы саясатты жүргізетін тиісті ведомстволар бұл мәселемен айналысады" деп санайды.

Еске салайық, бұған дейін Ресей зауыты қазақстандық газды қабылдауды тоқтатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама