Орынбор ГӨЗ қазақстандық газды қабылдауды қайта бастады

Дина Шарипханова Корреспондент

Энергетика министрлігі Орынбор ГӨЗ газ қабылдауды қайта бастағанын, Қарашығанақтағы өндіру көлемі қалпына келтіріліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігі Орынбор ГӨЗ газ қабылдауды қайта бастағанын, Қарашығанақтағы өндіру көлемі қалпына келтіріліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, шикізат қабылдау уақытша тоқтатылуы мен өндіріс қысқартылуы елдің ішкі нарығын газбен қамтуға кері әсер етпеген.

"Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық кен орнынан шикі газ қабылдауды қайта бастады. Осыған байланысты жобаның операторы 19 қазандағы оқиғаға дейінгі штаттық деңгейге жету үшін газ өндіру көлемін біртіндеп арттырып жатыр", - деп жазылған Энергетика министрлігі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы салдарынан апат жағдайы туындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама