22 қыркүйек 2022 | 14:34

ОСК шетелдіктердің президенттік сайлауға араласпауы туралы түзетуді түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Журналистер Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінен президент сайлауына шетелдіктер араласпайды деген талапты орындау үшін қандай шаралар қолданылатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Журналистер Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінен президент сайлауына шетелдіктер араласпайды деген талапты орындау үшін қандай шаралар қолданылатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаралып жатқан заң жобаларында бұл норма (араласпау туралы. – Ескерту) жұмыс тобының мүшелерімен де зерделеніп жатыр. Қолданыстағы "сайлау туралы" заңда үгіт-насихат кезеңінде араласпау туралы тезис бар екенін есте ұстаған жөн. Яғни, "шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғалар мен Халықаралық ұйымдарға кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін немесе ықпал ететін қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады" делінген. Бұл қолданыста бар норма", - деп түсіндірді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Ол оны одан әрі дамыту мәселесін қазір депутаттар қарастырып жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная