25 қаңтар 2023 | 11:50

ОСК Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанпав

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталады. Еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болдыңыздар", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Сенат депутаттарының куәліктері мен төсбелгілері табысталды:

Реклама
Реклама
  • Жақып Асанов (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы);
  • Мәулен Әшімбаев (қайта тағайындалды);
  • Нұртөре Жүсіп (қайта тағайындалды);
  • Ләззат Қалтаева (қайта тағайындалды);
  • Асқар Шәкіров (қайта тағайындалды);
  • Евгений Больгерт (ҚХА-дан);
  • Зәкіржан Кузиев (ҚХА-дан);
  • Нурия Ниязова (ҚХА-дан);
  • Әлішер Сатвалдиев (ҚХА-дан);
  • Геннадий Шиповских ҚХА-дан).

2022 жылғы республикалық референдумда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Енді Президент 15 емес, он депутатты тағайындайды, оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша.

Еске салайық, бір күн бұрын Президент жарлығымен 13 сенатордың өкілеті тоқтатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная