ОСК төрағасы Берік Имашев карантинге жатқызылды

Берік Имашев. Фото: gov.kz

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев COVID-19 жұқтырған адаммен байланысқаны үшін карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев COVID-19 жұқтырған адаммен байланысқаны үшін карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі отырысымызға Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі қатысып отыр. Төраға Берік Имашев COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан қатыспады. Қойылуы мүмкін сұрақтарға алдын-ала жауап беру үшін Берік Мәжитұлының вакцинаның екі компонентін алғанын және ПТР-сараптама нәтижесі теріс екенін хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Петров отырыста.

Оның сөзінше, Берік Имашев өзін жақсы сезінеді, коронавирус симптомдары жоқ. ОСК төрағасы қашықтан жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтанда қазір Орталық сайлау комиссиясының ауыл әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселесіне қатысты отырыс өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама