18 наурыз 2021 17:07

Өскемен әкіміне қанша айыппұл салынғаны белгілі болды

Видеодан алынған

Өскемен әкімі Жақсылық Омарға маска тағу режимін сақтамағаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш немесе 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен әкімі Жақсылық Омарға маска тағу режимін сақтамағаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш немесе 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне сүйенсек, Жақсылық Омарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық") бойынша хаттама толтырылған.

"Әкімшілік айыппұл төленді. Іс тоқтады. Маска тағу бойынша талаптар бас санитария дәрігерінің 19.02.21 жылғы қаулысымен барлық жеке тұлғаға белгіленгенін ескерген жөн. Жақсылық Омар 15 АЕК (43 755 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды", - деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі 30 АЕК көлемінде айыппұлды көздейді. Бірақ қала басшысы бірден төлеген соң, сомасы екі есеге азайды.

Осы бапта лауазымды тұлғаларға қарастырылған айыппұл әлдеқайда көп - 230 АЕК. Қалалық мәнерлеп сырғанау мектебінің фестиваліне қатысқан қала басшысына неліктен жеке тұлға ретінде айыппұл салынды деген сұраққа Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауап бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram