17 наурыз 2021 | 13:53

Өскемен әкіміне маскасыз суретке түскені үшін айыппұл салынды

Видео кадры

Өскемен әкімі Жақсылық Омарға маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскемен әкімі Жақсылық Омарға маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан қалалық мектептің фестивалі кезінде түсірілген сурет тараған болатын. Суретке көрермен ретінде "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайка, қоғамдық белсенді Елена Березинская-Абилова мен Жақсылық Омар түсірілген. Желі қолданушылары әкімді іс-шараға маскасыз қатысқаны үшін сынға алған еді.

Реклама
Реклама

"Қала басшысының қоғамдық орынға маскасыз бару оқиғасы қолданыстағы заңнама аясында аяқталды. Өткен аптада заң бұзушылық туралы тиісті хаттама тіркелгеннен кейін қала әкімі белгіленген айыппұлды төледі", - деді Тұрсымбетов Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, оның сөзінше, Жақсылық Омармен бір іс-шараға қатысқан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да маска тақпағаны үшін айыппұл төлеген. 

Еске салайық, бұған дейін Семейде маска тақпай суретке түскен депутаттарға айыппұл салынған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная