Өскемен тұрғыны EXPO-2017 қарсаңында Астанаға дейін жаяу барған

?скемен т?р?ыны ?алымжан То?таров Астана?а EXPO-2017 халы?аралы? к?рмесін к?ру ?шін жаяу бар?ан. Ер адам Астана?а 16 к?нде жеткен, - деп хабарлайды Шы?ыс ?аза?стан облысыны? А?парат орталы?ы.

Өскемен тұрғыны Ғалымжан Тоқтаров Астанаға EXPO-2017 халықаралық көрмесін көру үшін жаяу барған. Ер адам Астанаға 16 күнде жеткен, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығы.

Басылымның мәліметінше, Ғалымжан Тоқтаров осындай тамаша іс-шараны көргісі келгені соншалық - онда жаяу барған. Тоқтаров Өскеменнен Астанаға 26 мамырда шыққан. 

"Мен уақтылы жетіп, көрмеге үлгергеніме қуаныштымын. Бастапқыда маған қиын болды. Бірақ кейін организм үйреніп кетті. Онымен қоса, жолда ауыл тұрғындары мені жақсы күтіп алып отырды", - дейді Ғалымжан Тоқтаров.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ер адам осыған дейін гір көтеру спортымен айналысқан. Бұл оның спорттағы алғашқы жетістігі екен. Қазіргі уақытта ер адам көрмені аралап, серуендеп жүр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама