ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2020 | 09:20
Өскеменде әкімдік қызметкерлері жетімдерге берілген пәтерде тұрып жатыр
Өскеменде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған пәтерде қалалық әкімдіктің қызметкерлері тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірінші арна Еуразияға" сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскеменде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған пәтерде қалалық әкімдіктің қызметкерлері тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірінші арна Еуразияға" сілтеме жасап.
Шенеуніктердің пәтерде заңсыз тұрып жатқанын қаладағы қоғам белсенділері анықтаған. Олардың айтуынша, Өскеменде мұндай жағдай алғаш рет болып тұрған жоқ. Жетімдер бірнеше рет тұрғын үй саласындағы астыртын әрекеттерге бірнеше рет шағымданған және арнайы комиссия құрамына кірген.
Олар Тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері, полицейлер және ПИК өкілдерімен бірге 102 пәтерді тексеріп, бірнеше заңбұзушылықты анықтады. Жетімдерге арналған 15 пәтер жарты жылдан аса уақыт бойы бос тұр. Олардың 10-ы үшінші тұлғаларға жалға беріледі, ал екеуі "қағаз жүзінде" балалар үйінің кәмелет жасына толмаған тәрбиеленушілеріне берілген, бірақ іс жүзінде ол жерде басқа адамдар тұрады.
"Пәтерлердің бірінде мемлекеттік қызметші тұрады, яғни бала әлі кәмелет жасына толмағандықтан балалар үйінде және ол жерде бөтен адам тұрып жатыр. Тағы жалға беру шарты бұзылған. Қаланың әкімі бізге мән бермейді. Көп адам болып кірсек, қабылдап қалар және көмектеседі деген үміттеміз", - деді балалар үйінің түлегі Александра Талхигова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также