15 тамыз 2022 08:18

Өскеменде аутизммен ауыратын 12 жастағы балаға іздеу жарияланды

Өскеменде 12 жастағы аутизммен ауыратын бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 12 жастағы аутизммен ауыратын бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Реклама
Реклама

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтқан. 12 жастағы Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады.

"Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Сонымен қатар іздеуге құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық Ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған. Қазіргі уақытта олар үйлер мен аулаларды аралап тексеруде. Квадрокоптермен де іздеу жұмысы жүріп жатыр", - делінген ақпаратта.

Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар, жасыл тәпшіке болған. Тәртіп сақшылары оның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге полицияға хабар беруін сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram