22 сәуір 2022 08:56

Өскеменде автобус үш жасар қызды қағып, мерт қылды

Иллюстрациялық фото: instagram/novosti__uka

Өскеменде автобус үш жасар қызды қағып, мерт қылды. Куәгерлердің айтуынша, автобус баланың басын басып өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде автобус үш жасар қызды қағып, мерт қылды. Куәгерлердің айтуынша, автобус баланың басын басып өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға 21 сәуірде болған. Оқиға дерегін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионовтың айтуынша, "Нефтебаза" аялдамасында King long автобусының 59 жастағы жүргізушісі жолаушылар көліктен қауіпсіз түсуін қамтамасыз етпей, қозғала берген және сол кезде кішкентай жолаушыны қағып кеткен.

Реклама
Реклама

2017 жылы туған қыз алған жарақаттарынан кейін оқиға орнында көз жұмған.

"Осы жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы") бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Сондай-ақ, полицейлер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге болмайтынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram