ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қазан 2023 | 09:58
Өскеменде балықшылар Қызыл кітапқа енген аққуды құтқарып қалды
Өскемен қаласында балықшылар Қызыл кітапқа енген жаралы құсты құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дворянин" жануарлардың құқығын қорғау қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қордың мәліметінше, қала іргесіндегі демалыс базаларының біріне балықшылар Қызыл кітапқа енген табаны сынған аққуды алып келген.
"Аққуды тауып алған балықшылар оны қайда апарарын білмей көмек сұрады. Сосын олар бұл Қазақстанның Қызыл кітабына енген сұңқылдақ аққу екенін анықтады. Оның табаны сынған сияқты Енді оны емдеу керек. Біз құстың жағдайын тұрақты түрде қадағалаймыз және ол тезірек сауығып, қайтадан табиғи ортаға шығады деген үміттеміз", – делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также