02 ақпан 2023 | 13:02

Өскеменде жаңа ЖЭО салу ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Сенатор Ольга Булавкина Өскеменде жаңа жылу электр орталығын салып, жекеменшік үй тұрғындары үшін электр энергиясының түнгі тарифін қайтаруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенатор Ольга Булавкина Өскеменде жаңа жылу электр орталығын салып, жекеменшік үй тұрғындары үшін электр энергиясының түнгі тарифін қайтаруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Булавкина Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында еліміздің бірқатар өңіріндегі экологиялық жағдай халық денсаулығына нақты қауіп төндіретінін атап өтті.

"Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аумағында халық саны 350 мың адам, ерекше және қауіпті өндірістердің 1-2-сыныбына жататын бірінші санатты 23 кәсіпорын орналастырылған. Атмосфераға жалпы шығарындылар жылына 158,7 мың тонна болады. "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 2022 жылға қолайсыз метеорологиялық жағдайдағы күндердің жалпы саны 96 күн болады, бұл ластаушы заттардың ШРК асып кетуінің 42 жағдайын құрайды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті мәліметінше, кейбір жерлерде азот диоксиді бойынша екі есе, күкірт сутегі бойынша 3,8-ден 9,8 есеге дейін артқан", - деді Булавкина.

Реклама
Реклама

Бұл заттардың жоғары концентрациядағы әсері тыныс алу жүйесіне химиялық әсер етеді, сонымен қатар топырақтың қышқылдануына, жануарлардың улануына және экожүйенің теңгерімсіздігіне әкеледі, деп қосты ол.

Сенатордың айтуынша, шығарындылардың ең көп үлесін ірі өнеркәсіп алпауыттары, сондай-ақ Өскемен ЖЭО мен Согринск ЖЭС құрайды.

Сенатор ұсынысы:

  • Өскемен ЖЭО-ның 70 жылдан аса жұмыс істеп тұрғанына байланысты барлық экологиялық талапты ескере отырып, Өскемен қаласында жаңа жылу электр орталығын салу мәселесін қарастыру және сонымен қатар ЖЭО қуаты жетіспейді, ал жабдықтың тозуы жоғары шектерге жетеді;
  • көлік құралдарының техникалық жағдайына сәйкес келмейтін диагностикалық карталарды беру бөлігінде техникалық байқау операторларына қойылатын талаптарды қатайту;
  • халыққа және ЖЭО-ға сатылатын мұнай өнімдері мен қатты отынның (көмірдің) сапасын бақылау жөніндегі талаптарды әзірлеу және бекіту;
  • жылу беру маусымында пешті жылыту үшін қатты отын шығынын азайтуға мүмкіндік беретін жеке сектор үшін электр энергиясының түнгі тарифін қайтару мүмкіндігін қарастыру;
  • шығарындылар нормативтерін айқындай отырып, қатты отынмен (көмірмен) жұмыс істейтін автономды жылумен жабдықтау жүйелерін және өндірістік қазандықтарды салуға және пайдалануға қойылатын талаптарды қатайту бөлігінде III санаттағы нысандарға кешенді экологиялық рұқсаттар беру қағидаларына өзгерістер енгізу;
  • ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың түтін газдары мен сарқынды суларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуден бас тартқаны үшін жауапкершілік мәселесін қарау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная