Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі құлады: зардап шеккендер бар

Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі құлады: зардап шеккендер бар Өскемен әкімдігі баспасөз қызметінің фотосы

Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылып түсті, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылып түсті, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Оқыс жағдай кезінде көпірде сегіз адам болған, оның ішінде төртеуі - кәмелетке толмаған.

"Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері мен жедел жәрдем бригадасы шұғыл жетті. Зардап шеккендерді дәрігерлер қарап шықты, ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, жеңіл сырылулар мен соғылулар бар", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Жарнама
Жарнама

Алдын ала ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған балалар көпір конструкциясын тербеткен, соның салдарынан көпір төсемесі зақымдалған.

Қазіргі уақытта көпір жабық.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама